Вакцина салдырған кеншілерге бір реттік сыйақы төленеді

Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы екпе салдырған кеншілерге 10 мың теңге көлемінде бір реттік сыйақы беріледі.

Себебі ең ірі деген 6 бірдей кен орнында қауіпті індетке қарсы вакциналау көрсеткіші 10-15 проценттен ғана асады. Оның өзінде екпе салдырғандардың басым көпшілігі кен орындарының әкімшілік қызметкерлері. Еске салсақ, Қарағанды облысының ең ірі комбинатына қарасты кен орындарында 13 мыңға жуық кенші жұмыс істейді.

 Сайфуддин Құрымбаев, кенші:

Вакцина туралы да небір әңгіме болып жатыр. Бірақ мен оны қолдаймын. Себебі мен қасымдағы әріптестерім үшін де жауаптымын. Вакцина – КВИ-ден құтылатын жалғыз жол. Денсаулық − өз қолымызда.

Сондай-ақ...