Екпе құжатын қағаз түрінде алу шетелдіктер үшін де қолжетімді

Азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын растайтын анықтама қағаз түрінде беріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері құжаттың қағаз нұсқасы берілмейтінін айтқан еді. Енді мұндай анықтама елімізде екпе салдырған шетелдіктер үшін де қолжетімді. Ол үшін вакциналау жүргізілген медициналық ұйымға ауызша өтініш айту қажет. Бұған дейін вакцинаның екі компонентін алған адамдар тек электронды паспорт алуға құқылы болатын.

Ұлдаш Ерғалиева, №7 қалалық емхананың алдын ала емдеу жөніндегі басшысы:

– Көбінде EGOV қосымшасына кіру үшін смартфон заманауи тұрғыда болуы керек. Көп қарт адамдарда ондай ұялы телефон жоқ, сол себепті ыңғайсыздық туғызатын. Қазіргі жағдайда қағаз түрінде вакцинация анықтамасын беру пайда болғаннан бастап, біз өзіміз шығарып, қолымызды қойып береміз.

Сондай-ақ...