Ақтөбелік тәртіп сақшылары 21 баланы бауырына басып отырған отбасыға сыйлық тарту етті

Мереке күні Ақтөбеде 21 баланы бағып-қағып отырған Жетесовтер жанұясын полиция департаментінің ұжымы құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары азық-түлік пен сыйлықтар тарту етті. Үлкен шаңырақтағы балалардың 18-і патронаттық тәрбиеде. Өмірхан мен жұбайы Амангүл оларды жастайынан бауырына басып, өнерге баулып жүр. Бүгінде бірі домбыра, қобыз тартса, енді бірі жетіген, күйсандық пен өзге де аспаптарда шебер ойнайды. Жанұя мүшелерінен құралған отбасылық ансамбль де көпшілікке таныс. Жалпы қалада төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 9 мыңнан аса отбасы бар.

Өмірхан Жетесов, отағасы:

– Балалар өнер мектебінде, колледжде оқиды. Өзіміз апарып, алып келеміз. Тәртіп сақшылары балаларды жылда құттықтап тұрады. 2019 жылдан бері қамқорлығына алған. Мың да бір алғыс айтамыз.