426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысының тұрғындары газға 320 млн теңге қарыз

  • 94
  • UPD: 08:35, 02.06.2021
Маңғыстау облысының тұрғындары газға 320 млн теңге қарыз

Маңғыстау облысының әрбір төртінші тұрғыны газ тасымалдаушы мекемеге қарыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

40 мың тұтынушының жалпы алғанда 320 млн теңге берешегі бар. Әсіресе, Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласы тұрғындарының көгілдір отын үшін қарызы күн санап артып барады. Олар 200 млн теңге төлеуі тиіс. Мамандар кейбір үй иелерінің материалдық жағдайлары жақсы болғанына қарамастан қарызын өтеуге асықпайтынын айтады. Тіпті газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз өз беттерінше қосылатындар көп. Ескертуге қарамастан бірнеше рет заңсыз әрекетке барғандар да анықталған. Сондықтан тасымалдаушы мекеменің мамандары үйді-үйді аралап, күн сайын тексеру жүргізеді.

Бауыржан Өтенов, тасымалдаушы мекеменің бас инженері:

- Көп қабатты үйлерде де қолайсыз жағдайлар туып тұр. Абоненттер кіргізбейді мамандарымызды. Сотқа беріп жатырмыз, сотқа береміз, өшіріп тастаймыз. Барлық берешек қарыздарды осындай жолмен қайтарып жатқан орнымыз бар. 

Хабар 24 телеарнасы