427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алаяқтардың әккі әрекетінен сақтаныңыз!

  • 70
  • UPD: 14:36, 02.06.2021
Алаяқтардың әккі әрекетінен сақтаныңыз!

Ұлттық банк алаяқтардың әккі әрекетінен сақтануға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы пиғылы теріс азаматтар ұялы телефонға қоңырау шалып, есепшотқа белгілі бір мөлшерде ақша аударуды талап ететін болған.

Айта кетейік, Ұлттық банк тек екінші деңгейлі қаржы ұйымдарымен жұмыс істеп, заңды тұлғалардың операцияларын жүзеге асырады. Ал азаматтардың жеке есепшотына мүлде қызмет көрсетпейді.

Алаяқтар түрлі мақсатта қоңырау шалуы мүмкін. Жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін өзін ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырып, көл-көсір пайдаға кенелу жолдарын ұсынады. Сондықтан еліміздегі қаржы нарығын реттеуші ұйым «ақша жөнелтіңіз» деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы