Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: екі қылмыстық іс қозғалды

 

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады. Қылмыстық кодекстің 306-шы және 141-баптары бойынша тергеу амалдары басталды.

Еске салайық, 29 мамырда Алматы облысындағы Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам қаза тапқан.

Араға бір күн салып құтқарушылар із-түзсіз жоғалған 11 жасар қыз баланы тапты. Оған қазір ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Шарын шатқалында көз жұмған мұғалім «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды