Қарағандыда тегін аттракцион ұйымдастырғандар жазаланды

Қарағандыда қала әкімінің екі бірдей орынбасары мен мәдениет бөлімінің басшысы сөгіс алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал саябақ директоры жұмыстан қуылды. Аталған шенеуніктер тұрғындардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарағаны үшін жазаланып отыр. Олар балаларды қорғау күніне орай орталық саябақта тегін аттракцион ұйымдастырған. Алайда оның соңы ата-аналардың төбелесімен аяқталды. Халық өте көп жиналғандықтан ұзын-сонар кезек пайда болған.

Айта кетейік, Қарағанды өңірі әзірге қызыл аймақта. Соған қарамастан карантин талаптары өрескел бұзылған.