Елордада жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй қоры «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

1) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) I және II топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

5) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасына байланысты зейнеткерлер;

7) жетім балалар;

8) қандас;

9) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны 100, оның ішінде 30 пәтер «Жетім балалар» санатына ғана арналған:

12 – бір бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш. м.);

18 – екі бөлмелі пәтер (44,7-50 ш. м.);

Қалған 70-і «Әлеуметтік жағынан осал топтар» санатына арналған:

28 – бір бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш. м.);

42 – екі бөлмелі пәтер (44,7-50 ш. м.);

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Орналасқан жері: «Пригородный» тұрғын алабындағы ЖТҮ, Сарытоғай көшесі;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін;

Қабылдау күні: 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығы;

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі;

Шарттары: «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Іріктеу «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.

Өтініш беру үшін Сізге:

1) ЭЦҚ кілті;

2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.