425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кардиологиялық науқастарға екпе алуға бола ма?

  • 263
  • UPD: 15:57, 02.06.2021
Кардиологиялық науқастарға екпе алуға бола ма?

Коронавирусқа қарсы вакцина жүрек – қан тамыры ауруларына кері әсерін тигізбейді.

Керісінше, вирус жұқтырған жағдайда жүрек сырқатының асқынуының алдын алады. Қазақстанның үздік кардиолог–дәрігері Мақсат Құдратұллаев науқастарға осылай деп отыр. Петропавлдағы білікті маманның айтуынша, екпенің жүрек ауруларына қарсы көрсетілімдері жоқ. «Оны операциядан кейін де алуға болады», – дейді сарапшы.

 Мақсат Құдратұллаев, облыстық Көпсалалы ауруханасы кардиологиялық блогінің жетекшісі:

«Сovid-19» ауруында тромбатикалық асқыну бар. Ол біздің жүрек – қан тамыр жүйесі бар науқастарға кейде өте ауыр соғады. Себебі біздің қан тамыр жүйесінің науқастарының көбінің қан тамырларының стенкаларының ляжкалары бар. Сол жерде егер «Сovid-19» арқасында тромбатикалық асқыну болса, онда ол инфаркқа немесе инсультқа алып келеді. Сондықтан оны жібермеу үшін алдын ала вакцинация жасап, сол асқынулардан қорықпай өмір сүру керек.

Хабар 24 телеарнасы