Қостанайда дәмханалардың бірінен казино анықталды

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қ. аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, астыртын казиноның қала жертөлелерінің бірінде қызмет еткені анықталды.

Тергеу мүдделеріне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.