Мәжілісмендер ақылы жолдар тарифін көтеруге қарсы

Депутаттар ақылы автожолдар төлемін 5 есе көтеруге қарсылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «Қазавтожол» компаниясы қызметін ашық жүргізбейтінін айтып, монополиялық әрекеттерін сынады. Бұған дейін де депутаттар ақысыз жолдар салып, көлік жүргізушілеріне таңдау мүмкіндігін беруді талап еткені белгілі. Алайда ол орындалмаған. Салдарынан соңғы күндері ел бойынша жүргізушілер наразылық білдірген. Егер тарифтер қымбаттаса, кәсіпкерлерге ақылы жолдар арқылы тауар тасымалдау тиімсіз болады.

Азат Сембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Соңғы күндері ел өңірлерінде көлік жүргізушілері мен кәсіпкерлер ақылы жолдарға қатысты наразылықтарын білдіріп жатыр. Олар ақылы жол тарифін көтеруге қарсы. Себебі жолдардың сапасы өте нашар. «Қазавтожол» компаниясы салық төлеушілердің арқасында бизнес жасап отыр. Біз бұл туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Алайда мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай әрекеттер жасалмады. Сол себепті біз көлік жүргізушілерін қолдап, тарифті көтеру туралы шешімнен бас тартуды талап етеміз.