Қазақстанда төрт айда 3,5 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді

Елімізде 2021 жылдың төрт айының қорытындысында 3,5 млн м² немесе 28,9 мың тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,3% құрайды.

ҚР ИИДМ мәліметінше, 2021 жылы 17 млн м² немесе 163,1 мың жаңа баспана салу жоспарланып отыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 24,8 мың отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ал «Отбасы банкі» «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» және «5-20-25» бағдарламаларының шарттарымен 23 мың жеңілдетілген несие береді.

Қолдау шараларымен негізінен жетім балалар, мүгедек жандар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар сияқты кезекте тұрған азаматтар және мегаполис қалалардың жұмыс істейтін жастары қамтылады.