Оралда халық санағының бірінші кезеңі басталды

Батыс Қазақстан облысында халық санағын өткізуге мыңнан аса адам тартылады.

Олар 1 маусымнан бастап, тұрғын үйлер мен үй-жайлардың, құрылыс нысандарының мекен-жайын анықтауға кіріседі. Сондай-ақ онда тұратын адам санын біледі. Яғни бірінші кезеңде аймақтағы елді мекендердің аумағын нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу жұмыстары жүргізіледі. Деректер жинау процесі екі әдіспен өтеді. Sanaq.gov.kz веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен онлайн сауалнама жүргізу және респонденттерге сауалнамалар толтыру арқылы жүзеге асады.

Болтай Әлімбаева, облыстық Статистика департаментінің басшысы:

- Негізгі кезеңде 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Ұлттық халық санағы өтеді. Үй аралау ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді.

Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.