Сырдария суын Өзбекстан арқылы елімізге кедергісіз транзиттеу талқыланды

8 маусымнан бастап «Өзбек әуе желісі» Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жолаушылар тасымалын бастайды.

Ал 21 маусымда Fly Arystan компаниясы Түркістан–Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстер ашады. Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен осы мәселені талқылады. Сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстан жіберетін суды Өзбекстан арқылы Түркістан және Қызылорда облыстарына кедергісіз транзиттеуді дамыту қажеттігі сөз болды.