Ислам Әбішев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Ислам Әбішев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады.

Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Мәкенов фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер бойынша арыз-шағым алқасы №2 Байқоңыр соты үкімінің күшін жойды. Сондай-ақ Ислам Әбішевті шартты түрде мерзімінен босату туралы жаңа шешім шығарды» делінген жазбада. Айтуынша, оған айыпталушының жасы мен тәртібінің жақсы болуы себеп болған.

Еске сала кетейік, былтыр ақпанда 60 млн теңге пара алмақ болды деп кінә тағылған Су ресурстары жөніндегі комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев 5 жылға сотталған еді.