427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде туристік аймақтарды интернетпен қамтуға қаржы жоқ

  • 87
  • UPD: 15:46, 03.06.2021
Елімізде туристік аймақтарды интернетпен қамтуға қаржы жоқ

Туристік аймақтарды интернетпен қамтамасыз етуге қаржы әлі бөлінбеген.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның хабарлауынша, еліміздің 1200 ауылы интернетке қосылмаған. Көбінің алыс шалғайда немесе таулы аймақта орналасуы байланыс операторлары үшін үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұл өңірлерге желі тартуға қомақты қаражат керек. Бірақ ол ақшаны қай ведомство бөлетіні белгісіз.

Естеріңізге салайық, байланыстың жоқтығынан 29 мамырда Шарын шатқалында болған оқиға туралы хабар беру мүмкін болмады.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

− Ұлттық саябақтарда, туристік аймақтарда байланыс орнату үшін базалық станциялар қажет. Біз антенналар қоя аламыз. Бірақ энергетика мәселесі біздің құзырымызда емес. Сол себепті біз қандай жұмыс жасау қажеттігін анықтаймыз. Үкіметке шығындар туралы ақпар береміз. Кейін Мәдениет және спорт министрлігі қаржы іздеуге кіріседі.

Сондай-ақ, Мусин коронавирусқа қарсы вакцина салдыртқан азаматтардың Ашық мобильді қосымшасындағы мәртебесі келер аптадан бастап жасыл түске боялатынын айтты.

Айта кетейік, енді бұл жүйені Каспий, Халық банк және eGov.kz платформалары арқылы қолдануға болады.

Хабар 24 телеарнасы