426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазғанда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

  • 69
  • UPD: 15:55, 03.06.2021
Жезқазғанда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды otyrar.kz

Жезқазғанда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамырда 34 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на хабарласып, белгісіз біреу оның 80 мың тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы шағымданды. Ұрлық әйел дүкендердің бірінде болған кезде болған.

Орнатылған бейнекамераның жазбасын қарау кезінде ер адамның жәбірленушінің сөмкесінен ұялы телефонды қалай шығарғаны анық көрінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 37 жастағы қала тұрғынын ұстады.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция ұсталған адамның осыған ұқсас тағы бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Әккі ұры тек сауда орындарында адамдардың көптігін пайдаланып ұрлық жасап жүрген. Әр кезде әртүрлі затты білдірмей алып кетіп отырған. Мысалы, дүкендердің бірінде ол бес бума Pampers жаялықтары мен жол сөмкесін жымқырған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы