Түркістанда карантин кезінде концерт ұйымдастырғандар жазаланды

Түркістанда карантин кезінде өткен концерттің ұйымдастырушылары жазаланды.

Концерттік шара қалада жаңа кинотеатрдың ашылуына орай ұйымдастырылған. Мерекелік шараға 400-450 адам жиналды. Карантин талаптарын бұзушыларды облыс орталығының тәртіп сақшылары анықтады.

Іс-шараны ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.