Петропавлда алкоголь өнімін өндірген астыртын цех жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Петропавл қаласында алкоголь бар сұйықтық 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған алкогольдік сусындарды қолдан жасайтын екі жасырын цехті жапты.

Қоймаларда антисанитариялық жағдайларда бөліп құю және тығындау аппаратының көмегімен, жасанды хош иістерді, бояғыштарды және кран суын қолданып, құрамында спирті бар сұйықтық өндіріліп, «Айдабульская» арағы және «Миндальный» коньягы түрінде сатылымға берілген.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде цехты ұйымдастыруға, қолдан жасалған ішімдікті сатуға және жеткізуге қатысты адамдар анықталды.

6 мекенжай бойынша тінту барысында 24 бес литрлік пластикалық контейнер, 28 текшелі контейнер, 76 бірлік 200 литрлік кегтер және басқа да спирті бар ыдыстар тәркіленді. Жалпы сомасы 114 млн астам теңгеге 40 мың литрден асатын спирт тәркіленді.

Заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМА баспасөз қызметі