427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арал ауданында мал қырылды

  • 155
  • UPD: 19:38, 03.06.2021

Қызылорда облысының Арал ауданында 480-нен астам түлік қырылып қалды.

Оның басты себебі – қуаңшылық. Көбіне қыстан әлсіреп шыққан малдың суаттар жанында өлген жағдайы байқалған. Ветеринария мамандары аудандағы елді мекендерді аралап, өлген малдан сынама алып жатыр.

Еркін Әбішев, Арал ауданы әкімінің орынбасары:

– Аудандағы мал басына есептегенде 7520 тонна шөп қажет етіп отырмыз. Ауданға шөп тасымалын ұйымдастыру үшін көршілес Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, сонымен қатар Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы