425,78 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да аудан әкімі сөгіс алды

  • 108
  • UPD: 18:56, 03.06.2021

Ақжайық ауданы әкіміне Орал – Атырау тас жолындағы үш адам қаза тапқан апат үшін сөгіс жарияланды.

Және ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Орал – Атырау тасжолының 75-ші шақырымында бір отбасының әкесі, ұлы және немересі қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алған. Олар мініп келе жатқан ВАЗ 2113 автокөлігі түнде қараусыз жүрген екі жылқыны қағып кетіп, салдарынан қайғылы оқиға болды.

Хабар 24 телеарнасы