Жамбыл облысында ұстаздарды вакциналау қарқынды жүріп жатыр

Жамбыл облысында 19 мыңнан астам мұғалім коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы аптада 1800 ұстаз екпе алған. Жалпы аймақ бойынша 37 730 мұғалім бар. Қазір оның 51%-і вакцина алды. Тараз қаласында 2837 педогогқа екпе салынған. Одан кейінгі Жамбыл ауданында 2 мыңнан асады, Байзақ, Меркі, Шу мен Қордай аудандарында 2 мыңға жуық, ең төменгі көрсеткіш Талас пен Сарысу аудандарында. Мұнда екпе салғызған мұғалімдер саны мыңнан сәл асады.

Сәбит Кенесариев, педагог:

- Қалауымен бұл жерде. Қай вакцинаның түрін таңдауға да мүмкіндік бар екен. Өзім салдырдым. Ешқандай ауырып тұрған жоқпын. Алла қаласа, бәріміз осы індетті жеңу үшін осы ұстаздарға үндеу саламын. Бәріміз салдырып, қыркүйек айында осы мектептің толық ашылуына мүмкіндік болады деп ойлаймын. Бәріміз бірге осы індетті жеңейік.

Минәш Абылаева, иммунолог:

- Ұстаздарды наурыздан бастап еге бастадық. Одан кейін қазіргі екінші кезеңде ұстаздар 1 маусымнан бастап келе бастады. Себебі соңғы қоңыраудан кейін келушілер көбейді. Қазір бізде вакцинаның үш түрі бар. Жеткілікті. «Спутник V», QazVac, Hayat-Vax. Сосын мүмкіндігі шектеулі азаматтарды үйге барып салу қарастырылып жатыр.