Таразда карантиндік режим сақталмай тұр

Таразда жұрт бетперде кимейтін болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық демалыс орындары мен автобустарда да осындай жағдай. Ал, мейрамхана, дәмхана сияқты көпшілік тамақтану орындарында кәсіпкерлер адам санына қатысты шектеуді сақтамайды. Тіпті отбасылық жиын, той жасырын түрде өткізіліп жатыр. Жыл басынан бері мониторингтік топтар 1700-ге жуық рейд жүргізіп, 7 мыңнан астам нысан тексерілген. 544 заң бұзу дерегі анықталып, 502 әкімшілік хаттама толтырылған. 56 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Айта кету керек, өңірде соңғы аптада 170 адам коронавирус жұқтырған. Тағы 181 адамнан вирусты пневмония анықталды.

Бағлан Қыдырбаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қоғамдық орындарда маска тақпаған адамдарға, тұрғындарға айыппұл салынады. 20 айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде. Ол мониторингтік топтардың бізге жіберген материалдарына сәйкес хаттама толтырылып, фото, видео фиксациясымен қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде маска тақпаған 83 адамға айыппұл салынды.

Сондай-ақ...