Қазақстандықтар «Ковидсіз саяхаттау» қосымшасын қолдана алады

Қазақстандықтар тақауда «Ковидсіз саяхаттау» қосымшасын қолдана алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінде енгізілген. Онда коронавирусқа өткізген тест нәтижесі, мерзімі және өткізген орны туралы ақпарат сақталады. Жасыл Q-код осы мемлекеттердің шекараларын еркін өтуге мүмкіндік береді. Қосымшаны Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар қоры жасап шығарған. Көп ұзамай оған вакцианалау және антиденелердің бар-жоқтығы туралы ақпаратты жүктеуге болады. Негізінде бұл Еуразиялық экономикалық одақтың медициналық төлқұжатының бір нұсқасы деуге болады.

Тигран Саркисян, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы:

- Қазақстандық әріптестерімен бірге сынақтан өткізіп жатырмыз. Келесі аптада Қазақстан да осы қосымшаға қосылатынына үміттімін. ПТР-тесттен өтсеңіз, оның нәтижесі Q-код түрінде смартфоныңызға түседі. Оны шекарадан өткенде көрсетесіз. Осы қосымшаны 250 мың адам қолданған және олар үшін шекараны аштық.