Қазақстандағы барлық кәсіпкерлік нысанда Ashyq жобасы енгізіледі

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес барлық кәсіпкерлік нысанда Ashyq жобасы енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, қоғамдық тамақтану орындары, көрермендер қатысатын спорттық шаралар, қонақ үйлер, театрлар мен кинотеатрлар, филармониялар, караоке, SPA орталықтары мен фитнес-клубтарға тек Ashyq мобильдік қосымшасы арқылы кіруге рұқсат. Сондай-ақ бұл талап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Түркістан әуежайлары, 7 маусымнан бастап Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайларына да ортақ.