427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

  • 66
  • UPD: 09:53, 04.06.2021
Жыл басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Elorda.info

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Ал 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.

1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,5%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 24%-ті және зейнеткерлер 19,5%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,3% – жоғары білімді, 39,5% – орта кәсіби білімді, 45,5% – жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы