Ұлттық рәміздер әлемдік мұрағатқа орналастырылды

Еліміздің ұлттық рәміздері Арктикалық әлемдік мұрағатқа орналастырылды.

Бұл – ел тарихындағы айтулы оқиғаның бірі. Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Ахинжанов Свалбард провинциясына барып, сондағы ғылыми-зерттеу қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Осы басқосу кезінде еліміздің Мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны және Ата-заң Конституциясы, сонымен қоса 1991 жылы қабылданған Мемлекеттің тәуелсіздігі туралы заңы әлемдік мұрағатқа орналастырылды.