Оралда нөсер жауыннан көшелерді су басты

Нөсер жауыннан Оралда көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын су басты.

Қазір әлеуметтік желіде түрлі видеолар тарап жатыр. Назарбаев даңғылында орналасқан облыстық әкімдіктің маңында судың көлкіп жатқанын көруге болады. Видеода тұрғындар «бұрындары арықтар болатын. Сол арқылы көшедегі су Шаған өзеніне ағып кететін. Енді Венеция болып жатыр» деген шағымдарын айтуда.

Кеше кешке Батыс Қазақстан аумағында найзағай ойнап, содан Оралдың біраз бөлігі жарықсыз қалған еді. Төтенше жағдай департаментінің өкілдері жұмысшылардың көшедегі суды сорып жатқанын хабарлады. Департаментте тәулік бойы қауырт желі жұмыс істейді. Ал әкімдіктегілер Оралда соңғы 12 сағатта 48,5 миллиметр жауын-шашын түскенін айтты. Бұл – 1,5 айлық көрсеткіш.

Синоптиктер өңірде әлі бірнеше күн бойы жауын жауып, қатты жел болатынын ескертті.

Сондай-ақ...