Елордалықтар Мемлекеттік рәміздер күнін қалай атап өтеді

Елорда тұрғындары рәміздер күніне ерекше құрмет көрсетті.

Көпқабатты тұрғын үйлерден ілініп тұрған көк туымызды көруге болады. Қала тұрғындары ұлттық нақыштарымызға деген сезімін осылай жеткізуді шешкен.

Жастардың көбі бүгін қандай күн екенін білмейді. Тіпті рәміздерімізді атап айта алмайтындар бар. Ұлттық рәміздерге Ту, Елтаңба және Әнұранымыз кіреді.

Әнұран айтып жатқанда мақтаныш сезім билейді өзімді. Орнымыздан тұрып, қолымызды жүрек тұсымызға қоямыз.

Рәміздерді құрметтеп, асқақтату керек. Ол – әр қазақ азаматының парызы.

– Егер ешкімге кедергі жасамайтын болса, үйімде туым болса, мен де іліп қояр едім.

– Барлық мектепте әрқашан Әнұран ойнатылады.