427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

  • 87
  • UPD: 13:46, 04.06.2021
Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр Елорда әкімдігі

Елордада «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінімдер қабылдау жалғасуда.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастамашылық еткен бұл байқау осымен жетінші жыл өткізіліп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту.

Конкурсқа өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдерді қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады.

Елордадағы байқауға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 51 отбасы, ал 2019 жылы 63 отбасы өтініш берген болатын.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі: аудандық және қалалық.

Бірінші кезең аясында конкурсқа қатысу өтінімдерін аудандық әкімдіктердің комиссиялары қабылдайды.

Материалдармен танысқаннан кейін аудандық комиссия 15-30 маусым аралығында жеңімпаздарды және қалалық кезеңге өтетін 2 отбасын анықтау үшін отырыс өткізеді.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша ала аласыз.

Хабар 24 телеарнасы