Қытайдан әкелінген CoronaVac вакцинасы өңірлерге таратылады

Келесі аптаның соңына қарай Қытайда шығарылған CoronaVac вакцинасы өңірлерге таратылады.

Бұл туралы «СК-Фармацияның» басшысы Ерхат Есқалиев мәлімдеді.

Айтуынша, қытайлық бұл препараттың 500 мың дозасын алдырдық. Кейін тағы жеткізілуі мүмкін. Одан бөлек ресейлік «Спутник V» вакцинасының 10 млн 280 мың дозасын сатып алдық. Оның 3 жарым млн дозасы осы уақытқа дейін қолданылған. Қалғаны жоспар бойынша рет-ретімен аймақтарға жіберіліп отырады.