Қазақстанда шығарылған медициналық маскалар экспортталмақ

Қазақстанда шығарылған медициналық маскалар биылдан бастап экспортталуы мүмкін.

Мұны Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты комитет өкілі мәлімдеді. Нұрлыбек Асылбектің айтуынша, індет өршіген уақытта бізде бар-жоғы 6-ақ компания маска шығарумен айналысқан. Олардың өнімі ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан Қазақстан медициналық бетперделерді сырттан сатып алуға мәжбүр болған. Қазір елімізде маска шығаратын компаниялар саны 50-ден асып кетті. Олардың өнімі енді қоймаларда құр жатпас үшін экспортқа шығару мәселесін қарастырып жатыр екен.