Таразда 60 автокөлік пен 50-ге тарта велошабандоз көк тумен қала көшелерін аралады

Тараздық жастар мемлекеттік Рәміздер күні авто және велошеру өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Жастар аллеясынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүріп өтті. Ал 60 автокөлік пен 50-ге тарта велошабандоз байрақты желбіретіп, қала көшелерін аралады. Белсенділерді әскерилер де қолдады. Мұндай акция Таразда биыл алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. 

Абзал Есіркеп, жастар ресурстық орталығының директоры:

– Адамдар көп шоғырланатын супермаркет, гипермаркеттерде барлығы бірдей уақытта әнұрандар орындалады. Бұл біздің жастарымызға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында, сонымен қатар тұрғындар арасында рәміздерге деген құрметін одан әрі кеңінен насихаттауға бағытталып отыр. Бүгінгі мереке құтты болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

Сондай-ақ...