Тәжікстаннан Қазақстанға 315 млн текше метр су жіберіледі

Маусым-тамыз айлары аралығында «Бахри Точик» су қоймасынан келетін тіршілік нәрінің көлемі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Осы арқылы Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде алқаптардағы су тапшылығын төмендетуге мүмкіндік болады. «Егер «Бахри Точик» су қоймасында қосымша кедергілер туындаса, Қазақстан Тәжікстанға материалдық-техникалық қолдау көрсетеді» делінген хабарламада. Министрліктің мәліметі бойынша елдегі жалпы су қоры 90-100 текше километр шамасында. Соның жартысына жуығы сырттан келеді.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

– Су тапшылығын болдырмау мақсатында біз жыл сайын өзіміздің көршілермен тығыз байланыс жасаймыз. Мысалы, наурыз айында Қырғыз тарапымен Тоқтығұл су қоймасынан қосымша су көлемдерін жіберу туралы келіскен болатынбыз. Енді осы аптада Тәжікстан қаласына іс-сапармен барып, дәл сондай уағдаластыққа Тәжік тарапымен де қол жеткіздік. Ең басты мақсат – оңтүстік өңірлердегі диқандарды сумен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ...