Маңғыстауда қуаңшылық мәселесін шешуге 200 млн теңге бөлінді

Келесі айдан бастап жыл соңына дейін өңірдегі бес ауданға 2200 тонна жем-шөп сатып алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс әкімдігі Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен мал азығын жеткізу, жайылымдар мен шабындықтарды пайдалану жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Маңғыстауда қуаңшылық салдарынан соңғы 3 айда 1400 бас мал қырылған. Салдарынан жергілікті шаруалар шығынға батып, мәселені тез арада шешуді сұрады. Осыған байланысты өңірде жедел штаб құрылып, жем-шөп дайындау шараларын бастап кетті. Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Темір аудандары басшыларымен келісім жасалып, уақытша жер алынды. Көрші өңірлерден 15 маусымнан бастап шөп жеткізіледі.