Антикор басшысы: Ауыл шаруашылығына 54% субсидия заңсыз бөлінген

Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істердің 54 проценті субсидияларды заңсыз бөлумен байланысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, 5 жыл ішінде шаруаларға 1 трлн  теңгеден астам жеңілдетілген несие берілсе, жартысынан көбі заңсыз жолмен рәсімделген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді. Бұдан бөлек, Антикор басшысы мемлекеттік жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу порталдарын біріктіруді, сондай-ақ бюджеттік өтінімдерді жариялауды ұсынды. Ірі нысандарды салу кезінде жобалық жоспарлауға көшу керек. Және бюджет қаражатын бөлуден бастап игеруге дейін сүйемелдеуді енгізген жөн. Мемлекет қаржысымен жұмыс істегің келсе, ашықтыққа дайын бол дейді агенттік төрағасы.