Қазақстанда 3 маусымдағы мәлімет бойынша 114 адам коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониямен ауырды.
Бұл туралы Coronavirus 2020.kz хабарлайды.
«3 маусымда коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 114 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса, 19 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны – 55 694, 928 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 488-ге жетті», - делінген хабарламада.