Қазақстанда коронавирус жұқтырған 565 науқастың жағдайы ауыр

Елімізде коронавируспен ауырған 565 науқастың жағдайы ауыр.

Бұл туралы ҚР ДСМ хабарлайды.

«Қазақстанда 5 маусымдағы мәлімет бойынша 24 689 адам коронавирус инфекциясынан (23 867 КВИ+ және 822 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 684 пациент стационарда жатыр, 16 005 науқас амбулаторияда емделіп жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 565 адамның жағдайы ауыр, 114 пациенттің жағдайы өте ауыр, 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.