Бүгін – қоршаған ортаны қорғау күні

Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты – қоршаған ортаға қатысты маңызды проблемаларға әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту.

Өйткені БҰҰ жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемде ауаға кететін парниктік газдар шығарындылары 3 жыл қатарынан артып келеді. Соның салдарынан қазір планетамыз климаттық апат қаупінің алдында тұр екен. Осыған байланысты БҰҰ табиғатты қорғау саласындағы өзекті сын-тегеуріндерге тиісінше назар аударту мақсатында 2021 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңді «Экожүйені қалпына келтіру онжылдығы» деп атады. Себебі дұрыс экожүйе болғанда ғана азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып, климаттың өзгеруі мен биологиялық әралуандықтың жойылуына қарсы тұра аламыз.

Сондай-ақ...