Бахрейн Корольдігі адам саудасы бойынша күдіктіні экстрадициялады

Бахрейн Корольдігі адам саудасы бойынша күдіктіні экстрадициялады
фото ашық дереккөзден

Бүгін еліміздің Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «жыныстық қатынасқа салу мақсатында Қазақстаннан Бахрейнге қыздар жіберді, трансұлттық ұйымдасқан топты басқарды» деген күдікке ілінген. Бұған дейін Зарифа Османованың құқық қорғау органдарынан жасырынғаны, сол үшін оған халықаралық іздеу жарияланғаны хабарланды. Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.