Конгода жанартау атқылағанда жоғалған балалар іздестіріліп жатыр

Конгода төтенше жағдайдағы эвакуация кезінде жоғалып кеткен балалар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іске ата-аналардан бөлек, Қызыл крест мамандары тартылған. ЮНИСЕФ-тің дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта жүзден астам бала із-түзсіз жоғалып кетті деп саналады. Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Конгода жанартау атқылап, қалың жұрттың есін шығарған еді. 30-дан астам азамат опат болып, жүздегені қауіпсіз жерге көшірілді.

Кахамбу Рупанде, жоғалған баланың ата-анасы:

- Баламды бүгін ғана іздеп таптық. Оның өзі кездейсоқ болды. Әйтпесе, қызымды бір апта бойы таба алмаған едік. Көршім баламды қаладағы аудандардың бірінен көріп қалыпты. Сөйтіп, бірден маған хабар берді. Кейін Қызыл крест мамандарымен бірге сол жаққа барып, баламды іздеп таптық.

Сондай-ақ...