427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда вакциналау қарқынды жүріп жатыр

  • 97
  • UPD: 17:15, 05.06.2021
Алматыда вакциналау қарқынды жүріп жатыр

Елімізде коронавируске қарсы екпе ектіру көрсеткіші бойынша алматылықтар көш бастап келеді.

Осы күнге дейін қалада 313 мыңнан астам тұрғын вакцина алған. Олар «Спутник-V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарын салдыртып жатыр. Жалпы мегаполистің медициналық ұйымдарында, мектеп, мәдениет, спорт нысандары мен сауда-саттық орындарында 212 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Барлығында санитарлық талап қатаң сақталған. Бір күнде әр пункт 80 адамға дейін қабылдайды. 308 вакциналау бригадасына 1260 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Жанар Бектілеуова, № 8 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары:

- Бізге күн сайын 18-70 жас аралығындағы тұрғындар келеді. Барлығының денсаулығын бақылаймыз. Бірақ келген адамның барлығына бірдей вакцина салмаймыз. Жүкті әйелдерге, кәмелет жасына толмағандарға, қатерлі ісігі бар науқастарға және соңғы 6 айда коронавирус жұқтырған жандарға екпе егілмейді.

Хабар 24 телеарнасы