426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда мониторинг топтары жұмысын күшейтті

  • 101
  • UPD: 18:45, 05.06.2021

Ақтауда тексеріс күшейген. 6 топ күніне 2 рет рейд жүргізеді. Күндіз сауда, қоғамдық тамақтану орындарын, ал кешке дәмхана, мейрамханаларды қадағалайды.

Айта кетерлігі, соңғы 2 ай ішінде 148 мекеме санитарлық режимді бұзған. Ал «Ашық» қосымшасы енгізілгелі мамандар тәртіп бұзушылардың күрт азайғанын айтады.

Әлібек Әділқожа, мониторингтік топтардың үйлестірушісі:

- «Ашықпен» жасаудың басымдылығы бар, жасыл аймақта уақыты таңғы 7-ден кешкі 2-ге дейін болады. Ал адам толтыруы 50% немесе 70 адамға дейін. Сәуір айымен салыстырғанда азайып жатыр. Адамдардың сана-сезімі, түсінігі, денсаулық керек екенін түсініп жатыр.

Алек Сеферян, дәмхана меңгерушісі:

- Қазіргі уақытта біз санитарлық талапты қатаң сақтауға тырысамыз. Дәмханадағы 20-ға жуық қызметкердің бәрінде маска тағылған, кіреберісте антисептик бар, келген адамдар санын 70-тен асырмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы