Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Бұл қаулы маусымның 8-інен бастап күшіне енеді. Қазір мегаполис сары аймақ санатында. Жаңа қаулыда «Ашық» жобасын пайдаланатын мейрамхана, дәмхана және жазғы алаңдарға түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Сондай-ақ кинотеатр, театр мен концерт залдары жалпы сыйымдылықтың 40 проценті көлемінде қызмет көрсете алады.