Ақтөбе көшелеріне су ағарлар салынып жатыр

Шаһардың кейбір аудандарында жаңбыр мен еріген қар суынан аяқ алып жүру қиын.

Себебі қаланың бас жоспарына сәйкес біраз көшеде арық жүйесі қарастырылмаған. Тіпті Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова және Сәңкібай батыр сияқты орталық даңғылдарда да жоқ. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ескі аудандарды қосқанда небәрі 50 шақырымға жуық арық бар. Сондықтан биылғы жылы қала бюджетінен 100 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, 3 шақырым арық салынуда.

Серік Дәулетов, қала әкімі аппаратының ТЖБ жетекшісі:

– Ақтөбе қаласы аумағында 43 су жиналатын орындар анықталды. Көктемгі және жаңбырдың сулары осы жерлерде тұрып, су соратын машиналармен суды сорып, осындай жұмыстар жүргізілді. Су соруға қаражат біршама кетеді. Осыған орай қала әкіміне ұсыныс беріліп, арықтар салу мәселесі бойынша осындай.шешім қабылдадық.