427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазған-Қарағанды тас жолындағы жол апатынан 11 жастағы бала көз жұмды

  • 136
  • UPD: 10:59, 06.06.2021
Жезқазған-Қарағанды тас жолындағы жол апатынан 11 жастағы бала көз жұмды inform.kz

5 маусымда Жезқазған-Қарағанды тас жолында 14 жасар жасөспірімнің жүргізген «Восход» мотоциклі Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклде отырған 11 жастағы бала қайтыс болды. Ал мотоцикл жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Скутер, мопед және мотоцикл қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ерекше қызығушылық тудыратын көлік құралының бірі. Олар аталған көлікті жүргізгенде қауіпті жағдай туралы ойламайды. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін ата-аналары да бақылауда ұстамайды. Олар балалардың жасына және көлікті жүргізу тәжірибесіне де мән бермейді. Егер балаларыңызға заманауи көлік құралын сатып әпергілеріңіз келсе, олардың 16 жасқа толғанын күтіңіз. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қадағалап, көлікке мінердегі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіңіздер. Ең бастысы, балаларыңыздың жүргізу тәжірибесі мен жүргізуші куәлігінің болуы өте маңызды», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Хабар 24 телеарнасы