Елордадағы Тәуелсіздік сарайына «жан бітті»

Жыл он екі ай қаңырап бос тұратын ғимаратта балалар мен жастарды дамыту орталығы ашылды.

Аумағы 6 мың шаршы метрді алып жатқан сарайда енді балаларды ән айту өнеріне баулиды. Көркем гимнастикадан сабақ береді. Сосын, мұнда шахмат үйірмесі, киномотографиялық өнер мектебі де бар. Домбыра шертуді үйреніп, боз кілемде белдесемін деген балалар үшін де есік ашық. Ұзын-ырғасы 20-дан аса үйірме жұмыс істеп тұр. Келесі айда мұнда сурет галереясы мен шығармашылық орталық ашылады. Осы ретте, орталықтағы кейбір үйірмелердің тегін екенін айту керек.