427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Қазақстан-Түркия бауырластық аллеясы» ашылды

  • 121
  • UPD: 15:13, 06.06.2021
Елордада «Қазақстан-Түркия бауырластық аллеясы» ашылды

Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай, Нұр-Сұлтанның ең көрікті саябағының бірі Президенттік саябақта «Қазақстан-Түркия бауырластық аллеясы» ашылды, – деп хабарлайды Елорда Инфо.

Есіл өзенінің жағалауында ашылған және ҚР Президенті резиденциясы – Ақордаға қарама-қарсы орналасқан аллеяға екі бауырлас елдің әр жылын бейнелейтін 30 тал ағаш отырғызылды. Түркия Елшісі Уфук Экиджи мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің қатысуымен өткен ашылу салтанатына Халықаралық түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі, Әзірбайжан Елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ аллеяның ашылуы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Естеріңізге салсақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін ең алғаш болып Түркия елі мойындаған болатын. Екі бауырлас ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 2 наурызда орнатылды.

Хабар 24 телеарнасы