Қостанайда Мұхамеджан Сералин туған ауыл құрдымға кетіп барады

Қазақ журналистикасының негізін қалаушы Мұхамеджан Сералин туған Өрнек ауылы құрдымға кетіп барады. Кезінде тіршілік қайнап, атағы дүкіреген елді мекенде қазір жиырма шақты үй түтін түтетіп отыр. Ұялы байланыс пен жолдың жоқтығынан тұрғындардың жаппай көшуіне тура келген.

Өрнек ауылы Ресей шекарасында орналасқан. Небәрі екі көшесі бар. Оның бірі – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби журналист Мұхамеджан Сералин атында. Бұл жаққа баратын адам алдымен күн райын аңдап алады. Себебі жаңбырлы күні жол ми батпақ болып, межелі мекенге жету мұңға айналады. Одан қалды елді мекен байланыс аясынан тыс қалған.

Төлен Рамазанұлы – Өрнек ауылының тұрғыны:

– Өрнек ауылына ешбір көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бұл жерге Сералин бабамыздың басына келеді. Ұялы байланыс жоқ. Көлігіміз сынады. Тұрады. Олардан жаяу келіп көмек сұрайды. Осы жаққа келген адамдар осындай қиындықтарға тап болады.

Меңзада Құсайынова – Өрнек ауылының тұрғыны:

Ауылдың арасына да байланыс керек. Балаларымыздың не істеп жатқанын білмейміз. Мал жоғалып жатады. Ұзақ іздеп кетеді. Сондайда алаңдаймыз. Ал қыстыгүні одан да қиын. Анау жолда батып жатады. Ешқандай хабар жоқ. Балалар үйге келгенше жаның тырнағыңның ұшында отырады.

Әсіресе, биыл қашықтан білім алған осындағы оқушылар біршама қиындық көрді. Ауылдық округте аз да болса, ресейлік байланыс ұстайтындықтан оқушылары бар төрт үйге арнайы жерсеріктер орнатылды. Байланысты күшейтетін құралдар кәсіпкерлердің қолдауымен алынды.

Индира Әміржанова, Өрнек ауылының тұрғыны:

Ресейлік байланысты қойдық. Осымен байланысқа шығамыз енді. Тарифі 5 мың тенге ай сайын. Бәрі балалар үшін ғой. Әйтпесе ауылда тұру өте қиын. Балаларымыз бәлен километр барып оқиды, жатақханада жатады.

Жас түлек Ақсәнім Әміржанова биыл медицина колледжіне оқуға түспек. Емтиханға қызу дайындық үстінде. Бірақ интернеттің сапасыздығынан қиындық көргенін айтады.

Ақсәнім Әміржанова, Қарабалық ауданы орта мектебінің түлегі:

Телефонмен оқып жүрдік. Қойған тарелкалар дұрыс істеген жоқ. Папам мені сабақ оқытуға 20 км жерге апарып жүрді. Интернет жақсы жұмыс істейді сол жақта.

Өрнек ауылдық округінде шекара түбінде орналасқан төрт ауыл бар. Бәрі байланыссыз күн кешіп отыр. Тұрғындар амалсыздан ресейлік байланысты қолданып, қымбат роуминг қызметіне жүгінуге мәжбүр. Телефонға ақша салып немесе картадағы жалақыны алу үшін 80 шақырым қашықтағы аудан орталығына қатынауға тура келеді.

Оразхан Қалдаманов, Өрнек ауылдық округінің әкімі:

Шекара бойы ресейлік ауылдар бар. Онда орыс та, қазақ халқы да тұрады. Сонда көшкен біздің көп жерлестеріміз бар. Олардың мұнда жақындырады тұрады. Оларға да қазақстандық байланыс жайлы болады. Сонда санағанда 2 мыңнан астам абонент болады мұнара қойса.

Отандық операторларды тарту мәселесі қаражатқа келіп тіреледі. Байланыс мұнарасын орнатуға аудандық қазынаның жағдайы жоқ. Сол себепті салалық ведомстваларға хат жазудан басқа амал қалмай отыр.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров