ШҚО-да қария абайсызда шұңқырға түсіп кеткен

ШҚО Риддер қаласының 82 жастағы тұрғыны емдік шөп жинап жүріп карьерге түсіп кеткен.

Қанша тырысқанымен қарт ордан шыға алмай қалыпты. Абырой болғанда, ақпарат ТЖ мамандарына жетіп, қария құтқарылды. Ал оны толық тексеріп шыққан дәрігерлер денсаулығына зиян келмегенін айтқан.